Главная » Без рубрики » Листовка с митинга в защиту земли 30 января (каз.)

**ЖОЛДАСТАР!**

Биліктің істеп жатқан озбырлығы барлығымыздың намысымызды қорлап, наразылығымызды туғызуда. Халық қазынасы, яғни оның ең бағалы бөлігі — жеріміз шетелдік капиталды жабуға берілгелі тұр! Қазба байлықтар мен ірі кәсіпорындар әкімдердің құзырына, машкевичтер, митталдардың қолдарына, америкалық және европалық корпорацияларға берілуі — 18 жылғы үкімет саясатының нәтижесі.

Мұнай өндіруші компаниялардың акциялары қытай капиталистеріне берілуі және жерді жалға беру жөніндегі әңгімелері — билік пен оның төңірегіндегі олигархтардың елімізді шикізат шұңқырына айналдырудағы жалпы жоспарының бір бөлігі ғана.

Бұл билік өз халқын қашаңғы қорлай бермек? Өзін-өзі тағайындаған патшаның төңірегіне үймелеген қулар халық қазынасын қашаңғы тонай бермек? Біз, түрлі ұлттардың қарапайым азаматтары бірлесе отырып, батылдық көрсетіп – «жоқ!» деп тоқтатпайынша.

Өзі білгендігін істеуге және «өмірлік» президент волюнтаризміне – жоқ! Біздің жерімізді талан-тараж қылуға – жоқ! Олигарх топтардың шетелдік капиталмен қылмыстық келісіміне – жоқ! Жат елден келіп біздің қазынамызға қол сұққысы келгендерді – халық жұдырығының аямас соққысы күтеді!

Бізге, Қазақстан социалистеріне, бұл қылмыстық келісімнің шығу жайы белгілі. Билікке қолдары жеткен соң, ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан мүлікті, мемлекет меншігін өзара бөлісіп, өз халқын ұзақ жылдар бойы тонауда.

Қазіргі президенттің күйеу балалары мен жекжат – жұраттары барлық бөліскендерін түбі жоқ қалталарына салып, онымен де тоқтай алмай келеді. Олар, бабаларымыздың ғасырлар бойы қанын төгіп, табандылықпен қорғап келген қасиетті жерімізге қол сұққысы ойлары бар. Жер тұтастығына байланысты маңызды мәселелерді олигарх тобының өз бетінше шешуге қандай құқығы бар? Әбден тойынған, жазаланбайтынына көзі жеткен күштілердің заңы бойынша ма?

Әрине, мұндай классикалық жағдай әлемдік тарих тәжірибесінен аян. Атаулы «банан республикаларында» жәнеде басқа гондурастарда, билікке келісімен, ашқарақ буржуазиялық топтар әрдайым осындай әрекеттермен көзге түскен. Мұндай капиталистер, халық қазынасын тонап біткен соң, қазба байлықтар, табиғи ресурстар мен жерді саудалауға кіріседі. Осындай байлықтарға арзан төлеп, қол жеткізуге даяр тұрған шетелдік күштілер мен байлардың да табылары хақ. Балаларымыздың болашағының есебінен мұндай сыйлыққа оңай қол жеткізуге шетелдік ірі капитал қуана келіседі, өйткені мұндай шаруалар бізде жазаланбайды, әрі арзанға түседі.

Билікті басып алған жанұялық трестің олигарх мырзалары бұл жолы ойлансын:

Қазақстанның еңбекші халқы, ендігі жерде, өзінің жігерін, азаматтық борышын қорлауға жәнеде ел байлығын талан-тараж етуге жол бермейді! Оянған жұмысшылардың, жұмыссыз жастардың және ауыл еңбеккерлерінің жалғыз ғана жолы – ол социализм үшін, еліміздің барлық табиғи байлықтарын бір топ ел басының туыстары мен шетелдік компаниялар ғана емес, бүкіл қазақстандықтар иеленетін басқа өмір үшін күрес.

**Біз төмендегі мәселелерді қозғаймыз:**

— Бүкіл өндірістің толықтай мемлекет қолына өтуі мен оған жұмысшы бақылауын енгізу!

— Жер кодексі заңының күшін жою мен жерге жеке меншікті болдырмау!

— Барлық шетелдік корпорацияларды елімізден аластату!

— Әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын күрт өзгерту мен жоспарлы экономика құру!

Сонымен қатар біз жұмысшылар мен қоғамдық қозғалыстардың тәуелсіз кәсіподақ төңірегінде ұйымдасып, топтасуы мен өзіндік әлеуметтік ұстанымы бар саяси партия құрылуына ат салысамыз!

**Қазақстанның Әлеуметтік Қарсылық қозғалысы**

Комментариев пока нет... Будьте первым!

Оставить комментарий


четыре − 1 =