Главная » Новости » Жаңаөзен жағдайы – бүкіл елдің жағдайының айнасы

Представляем вниманию читателей статью председателя рабочего профсоюза «Жаңарту» Есенбека Уктешбаева «Жаңаөзен жағдайы – бүкіл елдің жағдайының айнасы», в которой он говорит о необходимости усиления кампании по освобождению бесстрашного лидера забастовки Розы Тулетаевой, Максата Досмагамбетова и всех осужденных нефтяников, в течение почти 8-ми месяцев участвовавших в массовой забастовке.

Редакция

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталғандардың ішінде, Төлетаева Розаның өзіндік алатын орны бар. Нәзікжанды әйел затына қарамастан, ұзақ айларға созылған ереуіл кезінде өзін бастаушы ретінде көрсете білген, желтоқсан қырғынында, одан кейін қамауға алынып, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан соққыға алынып, аяусыз зорлық-зомбылық көргеніне қарамастан, қайтпас қайсарлық танытты.

Амалдап, сот процесіне тірі жетіп, шындықты жария ету үшін, «тергеуші-фашистер»дің қағаздарына қолын қоюға мәжбүр болғанын жасырмай, жайып салды. Олар, Розаның бойжеткен қызының және мектеп жасындағы кішкентай бүдіршіндерінің бар екендігін есіне салып, егерде айтқанды істемесе, балаларының аяқ астынан бір жағдайға душар болатынын да ескерткен. Мінеки, соған қарамастан арынан аттап өтпей, не көрсе де, жолдастарымен бірге көруді жөн санады.

Роза Тулетаева

Роза Тулетаева

Кейінгі кезде, кейбіреулер БАҚ мақалаларындағы пікірталаста Роза туралы «сатқындық істеді, обалы жоқ» деген ойды ортаға салмақшы. Бұл ойдың авторларына айтпағым, білмеймін олар – ас үй батырлары ма, әлде билік құйыршықтары ма, алдымен, Розаның істегені мен оның басынан өткізгенінің ширегін көрсеңдер, содан кейін қалай сайрайтындарыңды көрер едік.

Жазықсыз сотталған мұнайшылардың тағдыры – әлемнің түкпір-түкпіріндегі өз жақтастарының бақылауында. «Campaign Kazakhstan» Халықаралық қолдау кампаниясы, Роза Төлетаева және өзге де мұнайшылар толықтай бостандыққа шықпайынша, наразылық шараларын ұйымдастыруын тоқтатпайды.

Жаңаөзен жағдайы – бүкіл елімізде орын алған биліктің бассыздығы мен жүйенің шіріп біткендігінің айқын көрінісі іспеттес. Ерте ме, кеш пе және қай жерде болмасын, елдің наразылығы әйтеуір бір сыртқа шықпай қоймайтыны анық еді. Соны сезгендіктен, билік наразылардың сағын күшпен сындырып, өзгелерге де ескертпе сабақ көрсетпек ойы болды. Бірақ, бұл жағдай биліктің ойлағанындай болмай шықты, керісінше, елімізде халықтың басым көпшілігінің наразылығын тудыруда.

Суд над нефтяниками

Суд над нефтяниками

Дегенмен де, 20 жылдан астамғы биліктің жүйелі сұрқия саясатының әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жоспарларын іске асыру үшін, о бастан, қарсылық көрсете алады ау деген елдің басын біріктірмеу мақсатында, топтасқан ұжымдардың, яғни, ірі кәсіпорындарды, ауыл шаруашылығын жоспарлы түрде тоз-тозығын шығарып, тонап, жойып, адамдарымызды күн көрістің амалымен, елді кезіп, тентірейтін жағдайға келтірді. «Нарықтық экономика»ға көшкеннің жөні осы деп, сауда-саттық орындарын көбейтіп, бүкіл елімізді үлкен бір «базар»ға айналдырып, басымызды «жабайы капитализм»ге тықты да жіберді.

Сондағы, биліктің арам ойы, қайыршылық жағдайда өмір сүрген халық, саясатпен ісі болмай, олардың ел байлығын еркін тонап, оның ішінде табиғи ресурстарды экспорттауды толықтай өз бақылауларына алып, шексіз баюына кедергі бола алмайтыны. Осыншама уақыт тонап, әлемнің ең бай адамдарының қатарына қосылса да, арандары ашылған «малғұндар»дың оңайлықпен тоқтайтын сұры жоқ.

Биліктің, адам құқығын аяқ асты етіп таптауы, өздеріне жағымсыз адамдарға қылмыстық істі қолдан жасап, айыптауы, жеке мүдделері үшін мыңдаған адамды қырып тастауға даяр екендігін көрсеткені, еліміздегі орын алған келеңсіз жағдайлардың толастап, әбден шегіне жетіп, одан ары төзуге болмайтындығын айшықтайды. Халықтың сенімінен жұрдай болып айырылған биліктің ғұмыры ұзаққа бармайтындығын, ертеңгі күні қараң екендігін аңғартады.

Роза Тулетаева

Роза Тулетаева

Сондықтан, биліктің құйыршықтарына, «құлдық» сезімнен арыла алмай жүргендерге айтарым, осы бастан ертерек қамданып, қожайындарыңа, елден безген кезде өздерімен бірге ала кетуін өтініп, өздерің де, балаларың да өмірлеріңнің соңына дейін қызмет ететіндеріңді білдіріп, арыз жазып, «құлдар»дың тізіміне кіру үшін, кезекке тұрғандарың жөн. Ал тізімге ілінбей қалғандарға айтарым, қайғыдан «о дүниелік» болыңдар! Соңғы сапарға шығарып салғанда, «Марқұм – жақсы «құл» еді, о дүниеде бостандық алып, жаны жәннәтта болсын!» деп тілейміз.

Комментариев пока нет... Будьте первым!

Оставить комментарий


семь + = 8