|
|
перейти на главную все новости вступить |
БАСПАНА ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫМЕН ҚАМТЫЛУҒА ӨЗ ҚҰҚЫҒЫМЫЗДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ТҮГЕЛДЕЙ МИТИНГІГЕ ШЫҒАЙЫҚ! |
|


Қаржы олигархтары биліктің көмегіне сүйене отырып елімізде дағдарысты қолдан жасады, соның арқасында жүздеген мың қазақстандықтар кедейшілік күн көріске тап болды, көпшілігі бизнесі мен жұмыс орнынан ажырады. Банкілер өздерінің жарнамалары арқылы жәнеде үкіметтің қолдауымен жылжымайтын мүлік нарығында бағаның шарықтауына жол беріп, жасырын пайызды тиімсіз несиелерді оңды-солды таратып, елді жоспарлы түрде қарызға батырды. Бұл санатқа басындағы жалғыз баспанасын кепілдікке қойып бизнесін дамытуға тұтыну несиесін алғандар да жатады.
Қазіргі сәтте саудамен айналысатын борышкерлердің жартысынан көпшілігі, өздерінің сауда нүктелеріне жалдау ақысын төлеуге де мүмкіндіктері жоқ. Алматы базарларына жаңа «Черкизон» акулалары жасырын түрде енуге әрекет жасауда. «Жібек жолы» базарын иеленді, енді ірі сауда орталықтарын салып болысымен, Алматы базарларында күнін көріп жатқан шағын кәсіпкерлерді мүлдем ысырып тастау мақсатын көздеп отыр. Бұл – оларға төніп тұрған үлкен қауіп!
Кеден одағы ондаған мың адамдарды жұмыссыз қалдырды, ал Үкімет бұл жағдайда тек қана банкілер мен ірі бизнес өкілдеріне көмектесіп, комунальдық қызмет тарифтерін көтеріп, барлығымызды кедейшілікке, жұмыссыздыққа және өлімге итермелеуде.
Алатау ауданында кедейлердің үйлері қиратылуда, банкілер сот арқылы борышкерлердің баспаналарын тартып алуда, көптеген үлескерлердің құрылысы бос шұңқыр күйінде тұр, ал саудагерлер жұмыссыз қалуда. Біз - дағдарыс үшін жауап бермейміз, дағдарысты жасағандар – өздері жауап берсін! 19 сәуір күні сағ. 13 –те «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда болатын митингіге бірге шығып, төмендегідей ашық мәлімдеме жасаймыз:
-- Үкіметтің халыққа қарсы саясатына – жоқ!
- Банкілердің азаматтардың баспаналарын тартып алуына – жоқ!
- Монополистердің шектен шығуына - жоқ!
- Банкілерге емес, дағдарыс құрбандарына – мемлекеттік көмек!
- Отандық көсіпкерлікті қорғаймыз!
- Жаңа кәсіподақтар мен топтасқан өлеуметтік қозғалыстар құрамыз!
Бізге қосылыңыздар Бірлесіп, өз құқығымызды қорғайық!
«Халық баспанасыз қалмасын» және «Қазақстан – 2012» қозғалыстары
o-n-j@mail.ru және сайт: http://www.socdeistvie.info/